«ШЕЖІРЕ-И ТЕРАКИМЕ» ЕҢБЕГІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ТЕЗАУРУС СӨЗДІГІ

Толығырақ
Жоба суреті

Жоба туралы

Тілдің тұтас тарихын саралауда, оның белгілі бір тарихи кезеңдерге сай мазмұны мен мәнін зерделеуде жазба мұралардың, оның ішінде тарихи шежірелер мен қолжазбалардың алатын орны ерекше. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын» айрықша атап өткен болатын. Тілдің қалыптасу мен даму тарихын зерделеу, ғылыми тұрғыда саралау оның бүгіні мен болашағын бағамдауда аса маңызды болып саналады. Қазақ филологиясында этимологиялық сөздіктерді шығару ісі басқа шетелдік лингвистиканың жетістіктерімен салыстырғанда кенже қалып жатқанын көруге болады. Жоба аясында түркі халықтарына ортақ шағатай дәуірі ескерткіші «Шежіре-и теракиме» еңбегін нысан етіп алынды. Қазақ тіліндегі этимологиялық сөздіктердің жетіспеушілігі тілші-ғалымдар тарапынан ғылыми ортада кең талқыланып, қазіргі кезде тіл ғылымының өзекті мәселелесіне айналып отыр. Жобада Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и теракиме» еңбегінің лексикалық қабаты талданып, этимологиялық зерттеу жүргізіледі. Төл сөздер мен кірме элементтердің тарихи қалыптасу жолын айқындау, тілдік қорымызды жандандырып, қолданылу аясын кеңейту. Аталмыш шығарма қазақ тіл білімінде бұрын-соңды зерттелмеген. «Шежіре-и теракиме» XVII ғасырда шағатай тілінде жазылған еңбек болса да, лексикалық қоры жағынан қазіргі қазақ тіліне өте жақын. Шығарма Оғызнама дастанының негізінде жазылған.

Жоба туралы сурет

Мақсат және міндеттер

Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и теракиме» еңбегінің лексикалық қабатын талдау, этимологиялық зерттеу жүргізу.

Мақсат және міндеттер суреті

Жарияланымдар

Конференция материалдары

Жоба мүшелері

БАЛТАБАЙ ДОСЖАН ӘМІРҰЛЫ

Жоба жетекшісі

Кенжалин Қуанышбек Кәрімұлы

Ғылыми кеңесші

Байланыс